Қазақстан жаңалықтары6 наурыз 2024, 14:49

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі қандай күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукеновтің мәлімдеуінше, бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі екі ай қамауда отырады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Биыл 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Мәдениет және спорт экс-вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады. Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған», - деді Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«Бұл ретте форумды өткізу үшін смета 2 есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - дейді ол.

 

бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Қамау Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар