Қазақстан жаңалықтары3 маусым 2024, 9:00

Чехияда найзағайдан зардап шеккендер саны 18-ге жетті

Чехияның солтүстігіндегі Либерец қаласында найзағайдан зардап шеккендердің саны қазірдің өзінде 18 адамға жеткен. Оның ішінде екі жастан он алты жасқа дейінгі 9 бала бар. Олар түрлі жарақатпен ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жергілікті СTK агенттігінің хабарлауынша, кейбір зардап шеккендердің жағдайы «ауыр» деп бағаланып, оларға шұғыл ота жасауға тура келген. Бір кішкентай бала тікұшақпен Праганың Мотоль ауруханасына жеткізілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Демалыс күндері жауған нөсер жаңбыр Чехияның оңтүстік-батысындағы өзендердің деңгейін көтерді. Радбуза өзенінің су деңгейі көтеріліп, Станьков мен Домажлицко өңірінде су тасқынының қауіпті кезеңі туындады», - деп хабарлады жергілікті агенттік.

2 маусымда кешкі уақытта саябақта балалар мерекесі өтіп жатқан кезде балаларға найзағай түскен болатын. Полиция 15 адам жараланғанын тіркеген еді.

зардап шеккендер Чехия Найзағай

Тақырыпқа жаңалықтар