Қазақстан жаңалықтары15 шілде 2024, 10:00

Cот пен полицияға жұмсалатын бюджет

Қазақстанның экономикалық зерттеулер институты 2023 жылғы қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жұмсалған шығындарға шолу жасады. Былтыр қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жұмсалған қаржы бүкіл республикалық бюджет шығынының 5,9% құрады (2022 жылы 6% болған), - деп хабарлайды Arbat.media.

Абсолютті түрде осы қызметтерге жұмсалған сома 2022 жылмен салыстырғанда 18,8%-ке ұлғайып, 1,3 трлн теңгеге жетті (2022 жылы 1,1 трлн теңге), - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өткен жылы қаржының жартысына жуығы — қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жұмсалған бүкіл шығынның 47,9 пайызы — жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне жаратылды.

Ал 31,6% — құқық қорғау қызметіне, 6,6% — сотқа, 6,2% — қылмыстық-атқару жүйесіне, 4,7% — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, 2,7% — қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтерге, 0,3% — құқықтық қызметке тиесілі болды.

2023 жылы жергілікті бюджет шығыны құрылымында қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жұмсалған шығын — 2,6% (2022 жылы 2,7%).

Сома 2022 жылмен салыстырғанда 18,8%-ке ұлғайып, 338,7 млрд теңгеге жетті (2022 жылы 285,1 млрд теңге).

Өткен жылы жұмсалған шығынның ең үлкен үлесі Алматы қаласына — 11,8% (2022 жылы 12,1%), Астанаға — 8,6% (2022 жылы 8,9%) және Қарағанды облысына — 7,1% (2022 жылы 7,4%) тиесілі болды.

Ең төмен үлес Ұлытау — 1,8% (2022 жылы 0,8%) және Абай — 2,7% (2022 жылы 1,7%) облыстарында.

сот полиция бюджет Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар