Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 20:08

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты

Алматы әскери сотында заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды. 

Сотталушы Б. биыл 11 ақпанда сағат 02.00 шамасында «Ева» түнгі клубының жанында бұзақылық ниетпен жәбірленуші, ерлі-зайыпты Ч-ға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.

«Сотталушының кінәсі өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен дәлелденді», - деп хабарлады ведомстводан.

Прокурор сотталушы Б -ға 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.

«Сот үкімімен Нұрасыл Болат ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза түрінде 1 млн 700 мың теңге айыппұл тағайындалды», - деп хабарлады әскери соттан.

Сонымен қатар сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына жалпы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Дәулет Тұрлыханов Нұрасыл Болат Сот үкімі
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар