Денсаулық сақтау министрі елде өршіген тұмауға қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында еліміздегі ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әлназарованың айтуынша, биылғы эпидемиологиялық маусым 1 қыркүйектен басталған. Маусым басталғалы бері елімізде ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың жағдайы тіркелген. Бұл 2024-2025 жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмен. Соның ішінде 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауырғандар екен.
Кейінгі аптада республикада ЖРВИ-дің 183 мың жағдайы тіркелген, 2024-2025 жылдары өткен эпидемиялық маусымының осыған ұқсас аптасымен салыстырғанда ауру жұқтырғандар 16 пайызға артқан.
«Биыл тұмаудың айналымы 41 аптада, яғни қазан айының бірінші жартысында, өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттер тұмауға қарсы емес вирустарға да тексеріледі. Республика бойынша риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС вирусы, метапневмовирустердің айналымда жүргені байқалады. ЖРВИ-дің 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған», - деді Ақмарал Әлназарова.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы аптада республикада оқушылар арасында ЖРВИ-дың 6 мыңнан астам жағдайы тіркелген. ЖРВИ-мен ауырған науқастардың шамамен 4 пайызы оқушылар.