Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектер туралы пікір білдірді

Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді малға теңеді,деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында әйелді ұрып, оны мақтан көретін еркектерді сөкті.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар, болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!» - деп жазды Димаш.

Айта кетері, Жамбыл облысында «Барни» жегені үшін күйеуінен таяқ жеген жас әйел көз жұмған еді.

әлеуметтік желі Пікір Жазба

Тақырыпқа жаңалықтар