Димаш Құдайбергеннің жуырда тағы бір клипі шығады
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген жуырда жаңа бейнебаяны шығатыны туралы хабарлады. Жаңа клип туралы жерлесіміз әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті. Жазбаның мағынасына келсек, әншінің жанкүйерлерін тосынсый күтіп тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Surprise! Let’s not relax because a new music video is on the way», - деген жазба қалдырған Instagram парақшасында.
Еске сала кетсек, биыл 24 мамырда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» сапары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында жеке концерті өтпек. Таяуда Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі атанды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: