Діни радикалдардың әрекеті әшкере болды

ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ведомство мәліметінше, терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын соттылы болған.

"Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша соталды тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

"Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды.

Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан", - делінген хабарламада.

ҰҚК Қылмыс сот

Тақырыпқа жаңалықтар