Қазақстан жаңалықтары14 наурыз 2024, 9:00

Дронның көмегімен түрмеге есірткі кіргізбек болған

Астанада дронның көмегімен түрмеге есірткі кіргізбек болғандар ұсталды. Полиция қызметкерлері дронның көмегімен колонияға марихуана жеткізбек болғандардың жолын кесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің мәліметінше, тәртіп сақшылары Михайловка-Аршалы автожолында Kia K5 автокөлігін тоқтатқан.

Анықталғандай, көлікті бұрын бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеген ер адам жүргізген. Сондай-ақ, автокөлікте тағы екі ер адам болған, оның біреуі бұрын Астана қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №2 мекемесінде жазасын өтеген.

«Автокөлікті тінту барысында өсімдік тектес заттары бар екі түіншек, сондай-ақ, есірткіні колония аумағына жеткізу үшін қолданған дрон тәркіленді», - делінген ақпаратта.

Сараптама нәтижесі бойынша салмағы 23,7 г марихуана тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Аршалы аудандық Полиция бөлімі өзара іс-қимыл жасай отырып, №2 мекеменің қызметкерлері тәркілеген есірткіні ықтимал алушыны анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Астана Дрон Есірткі түрме

Тақырыпқа жаңалықтар