Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2023, 17:00

Дүниежүзілік ислам лигасы: Қазақстаннан үлгі алуға шақырамыз

Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Абдурахман Абдулла әл-Заид әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алып, ядролық қарудан арылуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады. 

«Бәріміздің басымызды кезекті мәрте қосқан осынау заманауи қалада біз бүкіл әлемде бейбітшілікті қалайтын нитемізді сан мәрте нақтылаған едік. Қоғамдық келісімге қол жеткізуге деген ұмтылысымыз біздердің пікір қарама-қайшылығымызды да еңсеріп отыр. Жалпы адами құндылықтарымызды нығайту және оларды тиімді жобаларға айналдыру үшін қазіргі заманғы көптеген сын-тегеурінге қатысты көзқарасымыз бен ұстанымымызды жақындастыра түсуге тиіспіз», - деді ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысында.

Осы орайда дін қайраткері әлемде адамдардың өлім-жітіміне себеп болып отырған қантөгістерді тоқтатуға үндеді.

«Біз әлем елдерін жойқын қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстан Республикасынан үлгі алып, ядролық әлеуеттерінен арылуға шақырамыз. Қазақстан қарудың орнына жанжалдарды шешудің құралы ретінде диалог пен өзара түсіністік жолын таңдап отыр. Сол үшін қазақ Үкіметі мен халқына шынайы ризашылығымызды білдіреміз», - деді Абдурахман Абдулла әл-Заид.

Абдурахман Абдулла әл-Заид Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Әлем бейбітшілік

Тақырыпқа жаңалықтар