DW: Қазақстандағы референдум — АЭС салына ма?
Фото: A. Weiskopf/DW
DW
Қазақстан жаңалықтары6 қазан 2024, 1:26

DW: Қазақстандағы референдум — АЭС салына ма?

Қазақстандағы референдум: атом электр станциясы салына ма? Қазақстанда референдум өтіп, онда ел тұрғындары елде атом электр стансасын салуға келісе ме, жоқ па деген сұраққа жауап береді. Дауыс беру нәтижесі Қазақстанның атом энергетикасын дамытатынын немесе электр энергиясының басқа көздерін іздей бастайтынын анықтайды. Сауалнамаларға сәйкес, қазақстандықтардың 67 пайыздан астамы АЭС құрылысына «жақтап» дауыс беруді жоспарлап отыр, ал 23 пайызға жуығы «қарсы», - деп хабарлайды Arbat.media.

Алайда әлеуметтік желілерде жалғасып жатқан дау-дамайға қарағанда, көпшілік атом энергетикасын дамытуды жақтамайтыны анық. деп жазады DW.

Қазақстандықтардың басты үрейі – Алматыдан 360 шақырым жердегі Үлкен ауылында салынуы жоспарланған АЭС-те апат болуы мүмкін.

«Көптеген адам бізге атом электр стансасының қажеті жоқ, ғалымдарымыз жоқ, бәрі жемқорлыққа батып кетті және біздің еліміз оны салуға дайын емес деп айтуда», - дейді DW тілшісіне Қазақстан парламенті төменгі палатасының депутаты Ирина Смирнова.

Атом электр стансасын қолдаушылар, оның ішінде Смирнова, отандық уранмен жұмыс істейтін АЭС құрылысы жаңартылатын энергия көздерін дамытумен бірге энергия тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймайды, сонымен қатар резидент Тоқаев БҰҰ мінберінен 2021 жылы көміртегі бейтараптығы туралы берген уәдесін іске асырады. 

Қазақстан АЭС салу референдум

Тақырыпқа жаңалықтар