Қазақстан жаңалықтары23 наурыз 2024, 13:20

Екібастұзда балық аулауға шыққан екі адам көлікпен мұз астына түсіп кетті

Қайғылы оқиға кеше кешке болған. Көлік жағадан шамамен 700-800 метр жердегі мұз ойығына құлап кеткен. Оқиға Екібастұздың ГРЭС-2 стансасы аумағында, «Шандықсор» жасанды су қоймасында болған. 1978 және 1976 жылғы екі ер адам балық аулауға шығып, жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

«22 наурыз күні сағат 20:33-те Екібастұз қаласы маңындағы «Шандықсор» су қоймасында екі адамның жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама тіркелді. Олар балық аулауға шыққан, жағадан шамамен 700-800 метр ұзағанда мұз ойылып, көлік су астына кеткен. Олардың Павлодар қаласынан келгендігі анықталды», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Бүгін таңертең Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Құтқарушылар балықшылардың мүрделерін судан алып шықты.

Төтенше жағдай қызметкерлері қазір мұз өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.

Екібастұз Балықшылар Оқыс оқиға
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар