Қазақстан жаңалықтары6 желтоқсан 2022, 21:43

Екібастұздағы ЖЭО басшысы өлімінің себебі мәлім болды

Павлодар облысының полиция департаменті Екібастұз жылу-электр орталығының учаске басшысының өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды arbat.media.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Екібастұз қаласының полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиғаның мән-жайына қатысты 33 жастағы ер адамның денесі Екібастұз гараждарының бірінде қозғалтқышы оталып тұрған жеке автокөліктен табылғанын анықтадық. Оқиға отбасылық жанжал салдарынан болған және марқұмның қызметімен байланысты емес. Осыған қатысты сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Павлодар облыстық ПД басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.

4 желтоқсанда Екібастұз жылу элекстр орталығының 33 жастағы учаске бастығы өз көлігінде қайтыс болғаны белгілі болды. Оқиға куәгерлері марқұмның мәйітін "За рулем" тұрақ қоғамдастығы аумағында "ВАЗ-21099" көлігінен тапқан. 

Екібастұз өлім полиция Павлодар облысы

Тақырыпқа жаңалықтар