Экзотика: Алматы зообағы салпыерін жануарымен толықты
Алматы зообағы экзотикалық жануарларды көрсетіп, таныстырды. Баққа қосылған салпыерін, шөпқоректі жануарлардың тұқымы, тақтұяқтылар отрядына жатады. Кейпі шошқаға ұқсағанымен, одан айырмашылығы - қысқа тұмсықты, бірақ келбеті экзотикалық. Енді Алматы хайуанаттар бағына барып, салпыерінді көруге болады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Салпыеріндер өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді.
Алматы хайуанаттар бағында 370-ке жуық жануардың түрі бар: жыртқыш сүтқоректілер, тұяқтылар, приматтар, жыртқыш құстар, экзотикалық құстар, экзотариум және аквариум бөлімдеріне бөлінген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: