Қазақстан жаңалықтары25 сәуір 2024, 20:50

Ел мектептерінде соңғы қоңыраудың орнына бірыңғай сынып сағаты өтеді

Қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді. 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері.Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды» - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.

соңғы қоңырау бірыңғай сынып сағаты

Тақырыпқа жаңалықтар