Елімізде e-qazyna.kz платформасы іске қосылады
ФОТО: Egemen.kz
Egemen.kz
Қазақстан жаңалықтары18 қазан 2024, 17:00

Елімізде e-qazyna.kz платформасы іске қосылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 23 қазан мен 1 қараша аралығында minerals.gov.kz порталы жаңа e-qazyna.kz (https://minerals.e-qazyna.kz/) жаңа Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасына көшуіне сәйкес уақытша жұмыс істемейтінін хабарлады. Жаңа платформада жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып қайта тіркеу қажет болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Платформа – геологиялық және тау-кен процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі, ол пайдаланушылар үшін мемлекеттік деректермен және қызметтермен жұмыс істеу үдерісін ашық етіп, оның жеңілдігін арттырады.

Жаңа платформада кейбір мемлекеттік қызметтер қолжетімді болады. Ол жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру шартын; кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру шартын тіркеу; қатты пайдалы қазбаларды өңдеуге келісім; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге және жер қойнауы учаскесін трансформациялауға өтінім беруге қосымша келісім жасасу.

Бұдан басқа, жою қорын пайдалануға рұқсат; барлау алаңында мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және/немесе топырақты жылжытуға рұқсат; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде туындайтын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) беруге рұқсат беру; қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру; барлауға, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиялар, барлау және жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензиялар беру секілді қызметтер де ұсынылады.

Айта кетейік, лицензиялау мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін – 87019991382, шарттар бойынша – 87056503487, ЛКШ есептері бойынша – 87081882575 нөмірлеріне хабарласуға болады.

e-qazyna.kz Платформа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар