Елімізде электромобиль саны бір жылда 10 есе артқан
1 тамыздағы дерек бойынша, елде 4,4 млн жеңіл автокөлік тіркеліп, бұл былтырмен салыстырғанда 15% көп, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Energyprom таратты.
Көліктің көп бөлігі - 3,9 млн машина жанармаймен жұмыс істейді.
Тіркелген электромобиль саны бірден 10,4 есе, жанармаймен жүретін көлік - 14,9%, дизель отынымен - 12,2%, газ-баллон отынымен жүретіні 38,2% артқан. Ал аралас типті көлік саны 19,3% көбейді.
Елдегі электромобиль үлесі автокөлік паркінің 0.11%-ін ғана құрағанымен, былтырғы жылдың осы кезеңінде көрсеткіш тіркелген жеңіл көліктің 0,01%-не ғана жеткен.
Өңірлер арасында ең көп электромобиль Алматыда - 2,8 мың.
Екінші және үшінші орында Астана (550 электромобиль) мен Алматы облысы (208 авто).
Электрқозғалтқышы бар автокөлік Абай облысында ең аз - 8.
14 көлікпен СҚО, 21 автокөлігі бар Жетісу облысы.