Елімізде шетелдіктерді депортациялау ережесі өзгеруі мүмкін
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары20 қыркүйек 2024, 19:43

Елімізде шетелдіктерді депортациялау ережесі өзгеруі мүмкін

Қазір көші-қон бақылауын күшейтуге бағытталған түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты. «Ел заңнамасын бұзған шетелдіктерді мемлекет аумағынан шығару тәртібі қайта қаралып жатыр. Қазір бұл тәртіп өте күрделі. Шетелдіктерді шығарудың процесі тым ұзақ», - деді А. Аталықов, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар ол шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Бұл өз кезегінде туристерге емес, Қазақстанда 30 күннен артық болғысы келетіндерге қатысты болады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Жаңа депортация институтын енгізу жоспарланған. Бұл тұрғыда заң талаптарын өрескел түрде бұзатындарды Қазақстан аумағынан жедел шығару қадамдары ескерілген», - деді комитет басшысы.

Айта кетсек, биыл еліміздегі шетелдіктерге 1 млрд теңге айыппұл салынды.

 

шетелдіктер депортациялау ереже Өзгеріс

Тақырыпқа жаңалықтар