Қазақстан жаңалықтары21 желтоқсан 2023, 20:41

Елімізде туристер өзімен бірге GPS трекер алып жүруге міндетті

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов жаңа заң жобасы аясында тауға шыққан немесе орманды жерлерге шыққан туристерге GPS трекер беру тәртібіне түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәжілісте азаматтық қорғауға қатысты заң жобасы таныстырылды. Осы құжатта туристердің, экскурсанттардың, туристік қызметті жүзеге асыратын адамдардың, еліміз аумағында тұрақты тұратын азаматтар мен адамдардың ТЖМ аумақтық органдарын алдағы жүріп-тұру маршруттары туралы хабардар етуі жөніндегі міндеттерін енгізу ұсынылды.

Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, елімізге келген туристер немесе Қазақстан азаматтары таулы жерлерде барған кезде, адасып кетіп жатады.

«Бұл тұрғыда аталған нормалар заңға енсе, туристік мекемелер Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне олардың жүретін жолдары мен бағдары жайында ақпаратты беруі керек. Екіншіден, заңға тәуелді ережені қабылдамақпыз. Соның аясында туристік агенттіктер адамды тауға, орманды жерлерге алып шықса, GPS трекерлерді туристерге беруі керек. Бұл құрылғы туристің киіміне немесе жүгіне бекітілуі тиіс», - деді вице-министр.

Оның пайымынша осындай талаптар адасып кеткен адамдарды тез табуға мүмкіндік береді.

 

GPS трекер туристер міндетті Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар