Қазақстан жаңалықтары12 шілде 2024, 13:58

Елімізден қара металл сынықтарын теміржолмен әкетуге тыйым салынады

Елімізден қара металл сынықтарын темір жол көлігімен әкетуге уақытша тыйым салынбақ. Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен хабарланды. Тиісті нормативтік құжаттың жобасы көпшілікке ұсынылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әлемдік тәжірибеде шикізат түрінде қайталама металдарды қолдану — экологиялық тазалық пен оны өңдеу кезінде энергия шығынының минималды болуына байланысты стратегиялық маңызды бағыт саналады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Елімізде қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтары — 11 отандық металлургиялық кәсіпорын үшін шикізаттың жалғыз және стратегиялық түрі.

Бұйрық жобасында ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан аумағынан қара металл сынықтарын көліктің теміржол түрімен әкетуге уақытша тыйым салу көзделеді.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 «Елеулі маңызды тауарлардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен ішкі нарықта дефициттің алдын алу үшін орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бірқатар маңызды азық-түлік немесе өзге де тауарларды елден шығаруға тыйым сала және сандық шектеу енгізе алады.

Қара металл қалдықтары мен сынықтары осы тізімге кіреді.

Отандық металлургия кәсіпорындарының қайталама шикізатпен толыққанды қамтамасыз етілуі ел ішінде сынық дайындау кәсіпорындары жинайтын сынықтардың бүкіл көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

қара металл сынықтары Теміржол тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар