Қазақстан жаңалықтары12 наурыз 2024, 7:03

Елорда мен еліміздің 11 облысында ескерту жарияланды

Астана және еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, дейді «Қазгидромет» РМК. Астана және Алматы облысында тұман түсіп, Жетісу облысында кей кезде тұман болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында көктайғақ болып, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарында жаяу бұрқасын болжанып отыр, Павлодар облысында жауын-шашын (көбіне қар) жауып, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

12 наурыз күні таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

тұман ескерту

Тақырыпқа жаңалықтар