Енді әскери қызмет туралы мәліметтер eGov қосымшасында қолжетімді
Фото: «ҰАТ» АҚ
YAT AQ
Қазақстан жаңалықтары16 қараша 2024, 16:00

Енді әскери қызмет туралы мәліметтер eGov қосымшасында қолжетімді

Енді ел азаматтары eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді, -деп жазады Egemen.kz жазады.

  1. Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер;
  2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.

«Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болатынын атап өтеміз», делінген хабарламада.

Сервисті пайдалану үшін:

 

  • eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өту;
  • «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;
  • Мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау;
  • Қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.

 

Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, жаңа функционалды жаңарту ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

әскери қызмет мәліметтер eGov қосымшасы

Тақырыпқа жаңалықтар