Қазақстан жаңалықтары28 мамыр 2025, 13:35

Енді ұялы телефонға салынатын баланста тексеріледі

Енді органдар қазақстандықтардың ұялы телефонға салатын балансын да тексереді, деп хабарлайды Arbat.media.

Мәжілісте «Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Енді ұялы байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» қаржылық мониторингтің жаңа субъектілері болады.

«Ұялы байланыс операторлары мобильді теңгерімді толықтыру туралы, ал «Азаматтарға арналған үкімет» нотариустардағы мәмілелерге ұқсас жылжымайтын мүлікпен 50 млн теңгеден астам сомаға жасалатын мәмілелер бойынша ақпарат береді. Бұл құралдар күдікті операцияларды тиімдірек анықтауға және жолын кесуге ықпал етеді», - деді Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.

Ұялы байланыс операторлары азаматтарға ақпарат беруге міндетті болады.

 

телефон Қазақстан баланс Тексеру

Тақырыпқа жаңалықтар