Ер адам әйелінің қызметі көтерілгеннен кейін менсінбей кеткенін айтып, сотқа берді

Ер адам қызметі көтерілген әйеліне ренжіп, сотқа берген, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбелік әйелін "моральдық тұрғыдан құлдырады" деп айыптап, басшысына хат жолдаған. Онда 32 жыл теміржол саласында жұмыс істегенін жазған. Сондай-ақ әйелін қолдап, балаларын бағу үшін жұмыстан шыққанын айтқан. Алайда жұбайының мінезі күрт өзгеріп, менсінбейтінін жеткізген. Банк басшылығы мәселенің тек екі ерлі-зайыптыға қатысты екенін айтқан.

Осыдан кейін әйел өзіне тиесілі үй мен мүлікті алу үшін сотқа арызданған. Нәтижесінде екеуі ажырасып, сот әйелдің өтінішін қанағаттандырған.

сот Әйел ер шешім

Тақырыпқа жаңалықтар