Ертең елімізде бір мезгілде сирена іске қосылады
Ертең, 23 қараша күні, Астана уақытымен сағат 12:55-те республика бойынша халықты құлақтандыру сиреналары іске қосылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жария етті.
Бір мезгілде құлақтандыру жүйесін тексеріледі, яғни электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, телевидение және радиоға қосылады.
Іс-шара «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізілгелі отыр.
«Төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.
Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар сол мезетте әрекет ету туралы мәліметтер мен нұсқаулар алу үшін қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (телеарналар, радиолар, интернет сайттар, әлеуметтік желілер, мобильдік құрылғыларға арналған қосымшалар және тағы басқасы) дереу қосуы керек.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырады.