“Ешкімнің көңіліне, беделіне қарамаймыз” Елдос Колобок бар құпиясын ашпақ
Танымал блогер Елдос Кәдірханов жарының жүктілігіне қатысты желіде біраздан бері қызу талқыда жүрген даулы мәлімдемелердің нүктесін қоймақ, деп хабарлайды Arbat.Media Alash.kz ұлттық порталына сілтеп.
Қалың көпшіліктің назарын аударған бұл жағдайға байланысты “Колобок” лақап атымен белгілі әзілкеш Instagram парақшасында жазба жариялады.
“Жақсылық істесең де жақпайды екен. Үндемей отыр едік, болмайды екен. Ертең бәрін айтамыз. Ешкімнің көңіліне, беделіне қарамаймыз. Бізді емдеген дәрігерімізден кешірім сұраймыз, оларға реніш жоқ. Жұмыстан шығып кетіп, қай клиникаға барады, сол клиниканы жарнамалаймын! Себебі олар – өте мықты дәрігер”
Сонымен қатар, асаба енді ешкімге есеп бермейтінін, қандай жағдай болса да, өз шешімімен жүретінін қадап айтты.
“Бүгінше жылап алайық, ертең ДІҢК ДІҢК деп сөйлегеннің көкесін көрсетеміз. Ешкім звондап тоқтатпай-ақ қойсын, телефонды алмаймыз”, – деп сөзін түйіндеді ол.