Қазақстан жаңалықтары2 шілде 2024, 11:00

Гүлмира Сатыбалды үлескерлердің 450 млн теңгені туысқанына аударған

Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін «Baur Kazakhstan» АҚ бас есепшісі Анар Байдәулетовадан жауап алынды. Компанияда куәгер 2018 жылдан 2019 жылдың мамырына дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. 2020 жылдың қаңтарында Гүлмира Сатыбалды оны «Премьер-НС» ЖШС қаржы директоры ретінде жұмыс істеуге шақырған. Жауап алу кезінде прокурор одан «ТМ Engineering Group» ЖШС есепшотынан «Galanz Bottlers» АҚ пайдасына 600 млн теңге аударылғаны жайында жәбірленуші Абай Жүнісов білді ме?» деп сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Ол жағын білмеймін. Ол кезде Астанада іссапармен жүргенмін. Маған Қабенов пен Мекешева телефон соғып, „ТМ Engineering“ ЖШС-нен 450 млн теңге жіберіп, бақылауды тапсырды. Содан кейін мен Мекешевадан „неге үлескерлердің ақшасын жіберуім керек?“ деп сұрадым. Ол ақша қайтарылатынын және Гүлмира Сатыбалдының нұсқауы екенін жеткізді. 450 млн теңгені Шымкент қаласындағы цемент зауытына, Гүлмира Сатыбалдының туысына жібердік. Бұл нақты есімде», — деді куәгер.

Айтуынша, аталған қомақты қаржы астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінің үлескерлеріне тиесілі.

Айта кетсек, былтыр Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Гүлмира Сатыбалды 450 млн теңге ұрлық үлескерлер

Тақырыпқа жаңалықтар