Қазақстан жаңалықтары16 қаңтар 2024, 4:18

Ілияс Жансүгірұлының қызы өмірден озды

Ілияс Жансүгірұлының қызы Ильфа Жансүгірова қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы зерттеуші, жазушы Елдос Тоқтарбай Facebook желісінде жазба жариялады.

«Жыр Құлагері Ілияс Жансүгірұлы мен аңыз ана Фатима Ғабитованың қызы, қос асылдың сынығы болған қайсар Ильфа анамыздың да уақыты болған екен. Ұлы жүрек тоқтапты. Ілиястың көзіндей еді. Әкесінен аумайтын. Әкесінің суретіне қарап отырушы еді! Інісі Мұрат Мұхтарұлы Әуез ағама, қыздары Ажар, Жанар, Дина, Фатима әпкелеріме қайғырып көңіл айтамын», деп жазды Елдос Тоқтарбай.

Ильфа Жансүгірова қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар