Інісін өрттен аман алып шыққан 10 жасар балаға медаль берілді
Көкшетауда аяғынан жарақат алған 10 жастағы бала бір жасар інісін өрттен аман алып шықты.Артур Гаитов өзін батыр санамайтынын, бұл оның азаматтық парызы екенін жеткізді. Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов ҚР ТЖ министрінің жарлығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін тақты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Төтенше жағдай болған кезде ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған, кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған жас ққтқарушы сол кезде гипспен жүрген», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Ұлдардың анасы балалары үйде жиі жалғыз қалатынын айтты.
«Мен гардероб жақтан бір дыбысты естідім. Ол жерге жүгіріп барып, өрт болып жатқанын көрдім. Мен есікті жауып, інімді алып, алыс бөлмеге жүгірдім. Онда мен қосқышты ажыратып, терезеден секірдім», деді Артур.
Айта кетерлігі, оқушы болашақта құтқарушы болуды қалайтынын атап өтті.