Иран мұнай инфрақұрылымын жоямыз деп АҚШ-қа ескерту жасады

Иран мұнай инфрақұрылымын жоямыз деп АҚШ-қа ескерту жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Иранның инфрақұрылымына шабуыл жасалған жағдайда, АҚШ-пен байланысты компаниялардың мұнай, экономикалық және энергетикалық инфрақұрылымы «күлге айналады». Бұл туралы Иран қарулы күштері орталық қолбасшылығының «Хатам әл-Анбия» штабының ресми өкілі Эбрахим Зольфагари мәлімдеді.

Бұған дейін Трамп Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кедергі келтірілген жағдайда Харк аралындағы мұнай инфрақұрылымына соққы беруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мұнай Иран АҚШ Израиль

Тақырыпқа жаңалықтар