Иранда 19 жастағы жас балуан көпшілік алдында дарға асылды

Иранда 19 жастағы жас балуан Салех Мохаммади көпшілік алдында дарға асылды, деп хабарлайды Arbat.Media Stan.kz сайтына сілтеп.

Иран билігі оны наразылық акциялары кезінде полицияға шабуыл жасады деп айыптады.

Сот оны “АҚШ пен Израиль мүддесіне қарсы іс-әрекет”деп танып, өлім жазасын тағайындады.

Ал құқық қорғаушылар соттың әділ өтпегенін, тергеудің тиісті жүргізілмегенін және Мохаммадидің өз қорғауын пайдалана алмағанын хабарлады.

Сондай-ақ бапкерлер мен командаластары оның оқиға кезінде әкесінің үйінде болғанын айтқан, алайда тергеу бұл деректі ескермеген.

Иран полиция Қылмыс дар
Кеше, 13:37 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар