Қазақстан жаңалықтары4 наурыз 2024, 1:22

«Ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық». Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Ерлан Қожағапанов кәсіби қызмет атқару кезінде жең ұшынан жалғасқан әрекетке барды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ірі көлемде жемқорлық жасау дерегі бойынша тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отыр», делінген Антикор хабарламасында.

Бүгінде қылмысты нақты айғақтау үшін тергеу ісі жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.

мәдениет вице-министрі Жемқорлық Ерлан Қожағапанов тергеп-тексеру
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар