Израиль Тегерандағы әскери университетке соққы берді

Израиль Тегерандағы әскери университетке соққы берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Израиль армиясы бірнеше сағат бойы Иран астанасындағы әскери университетті, зымыран зауытын және жаңа нысандарды әуеден шабуылдады.

Ал Иранның Ислам революциясы сақшыларының корпусы Израиль аспанын бақылауға алғанын мәлімдеді. Әскери базаларға соққы берген. Тель-Авив тұрғындарына эвакуация туралы бұйрық берді.

BBC дерегі бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Израильмен бірігіп, Ирандағы ядролық нысандарға соққы беру мүмкіндігін қарастыруда. Ол кеше Ираннан шартсыз берілуді талап етіп, Аятолла Әли Хаменеидің жасырынған жерін білетінін мәлімдеді.

Иран Тегеран Соғыс Атыс

Тақырыпқа жаңалықтар