Израильдің жоғары лауазымды шенеунігі Әли Хаменеи қаза тапқан
Аятолла Әли Хаменеи қаза тауып, оның денесі табылды. Бұл туралы Reuters агенттігіне Израильдің жоғары лауазымды шенеунігі хабарлаған, деп мәлімет таратады Arbat.Media.
Бұған дейін Израиль Премьер‑министрі Биньямин Нетаньяху Иран лидері қаза тапқанына қатысты белгілер барын айтқанымен, оны тікелей растамаған еді.
Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, Әли Хаменеи резиденциясы толық жойылған.
Израильдің Channel 12 телеарнасы кешенге 30 бомбалық соққы жасалғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Израиль Премьер‑министрі Иран халқына билікке қарсы шығуға үндеу тастады. Ол бұл жағдайды «ұрпаққа бір рет келетін мүмкіндік» деп атады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: