Қазақстан жаңалықтары2 наурыз 2024, 10:10

Киров атындағы машина жасау зауыты сатылмайтын болды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М. Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Осыған орай, ағымдағы жылғы 28 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді.

Конкурстың өткізілмеуі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысымен қабылданған зауыттың іске асырылуы бойынша шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты болып отыр.

машина жасау зауыты Киров атындағы сатылмайды
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар