«Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» бағдарламасы бойынша грант саны артты

Қазақстанда «Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» бағдарламасы бойынша грант саны 2 есе өсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соңғы 5 жылда Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, кітапхана және кітап ісін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.

Бүгінде республика бойынша ҚР Президентінің Архиві мен төрт арнайы мемлекеттік архивті қоса алғанда 236 архив мекемесі жұмыс істейді. Ұлттық архив қорында 74,5 мың қорды қамтитын 27,8 миллионнан астам сақтау бірлігі бар.

«Білікті мамандар даярлау мақсатында «Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» бағыты бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы екі есе өсті – бакалавриат бойынша грант саны 20-дан 100-ге дейін көбейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, архив және кітапхана саласы бойынша кадр даярлауға еліміздің бес өңірінде қосымша 89 грант бөлінді», - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, 2025 жылғы 23 сәуірде Ұлттық кітап күні алғаш рет аталып өтті. Ал «Архив – 2025» жобасы аясында 14 елден мыңнан астам бірегей тарихи құжат жиналды.

кітапхана Грант ЖОО оқу

Тақырыпқа жаңалықтар