Көкшетауда аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері қамауға алынды
Көкшетауда Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, сот қаулысымен «Д-ға» қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы екі ай мерзімге санкцияланды.
«Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары «Д.» жеке меншікке қарсы ауыр қылмыс (ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы «Алаяқтық») жасады деген күдікке ілінді», деп хабарлады Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: