Көшеге тоннаға жуық қойдың ішек-қарны мен терісін төгіп кеткен
Videoskrin
Videoskrin
Қазақстан жаңалықтары16 қараша 2024, 10:00

Көшеге тоннаға жуық қойдың ішек-қарны мен терісін төгіп кеткен

Тәртіп сақшылары көшені ластаушы күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Құқық бұзушылық туралы учаскелік инспекторлар тұрғындардың WhatsApp желісіндегі ортақ чаты арқылы білген.Іздестіру шараларының нәтижесінде қ ұқық бұзушы жедел анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен ақтағысы келгенімен, заңды жауапкершіліктен қаша алмады. Тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, сойылған жануарлардың қалдықтарын ер адамның өзіне жинатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, күдікті ауыл тұрғындарынан кешірім сұрады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

«Төгуге мәжбүр болдым. Көлігім оталмай қалды. Сол жерде қалып кеттім. Тастаған себебім, ертеңіне алып кетемін деген ойда болдым. Ауыл тұрғындарынан кешірім сұраймын», — деді ол.

Шымкент көше қойдың ішек-қарны құқық бұзушылық

Тақырыпқа жаңалықтар