Қазақстан жаңалықтары2 наурыз 2024, 13:00

Күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел ұсталды

Батыс Қазақстан облысы полиция басқармасының қызметкерлері тапсырыспен кісі өлтіру әрекетінің алдын орады. Қылмысты ұйымдастырып, жүзеге асырмақ болған 2 күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу барысында қылмысқа бармақ болғандардың кінәсін дәлелдейтін айғақ заттар табылып, тәркіленді.

Күдікті әйел күйеуімен мал-мүлікті бөліспес үшін оны өлтіруге тапсырыс берген. Ол қылмысты ұйымдастырып, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін келесі тұлғаға 1,3 млн теңге қаржы ұсынған.

«Соттың санкциясымен оларға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді», делінген полиция басқармасының хабарламасында.

БҚО киллер Әйел күйеу

Тақырыпқа жаңалықтар