Қазақстан жаңалықтары20 ақпан 2024, 0:01

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын уақытша тоқтатады

Фабриканың тоқтауына қалдық қоймадағы шикізаттың таусылуы себеп болған. Ал алтын кенішіндегі жұмыстар апат болған күннен бері тоқтап тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Майқайыңалтын» АҚ-да штаттағы қызметкерлер саны 933 адамды құрап отыр. Оның ішінде 143 адам жыл сайынғы еңбек демалысында, 30 қызметкер бала күтіміне, 42 қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты демалыста. Тағы 5 ер азамат ҚР Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеп жүр.

Кеніштегі апат пен оның маңындағы үйлердің мәселесін прокуратура құрған тергеу тобы зерделеп жатқанына байланысты шахтадағы кен қазу жұмыстары 4 қаңтардан бері қаңтарылып тұр

Жалақысының 50%-ы төлене отырып 153 қызметкердің жұмысы тоқтап тұр. Олар - шахтаның 109 қызметкері және тау-кен техникасы учаскесінде жұмыс істейтін 44 адам.

22-23 ақпаннан бастап алтын кенішіне қарасты кен байыту фабрикасының да жұмысы уақытша тоқтайды.

Бұл туралы Павлодар облысы еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров хабарлады.

- «Майқайыңалтын» АҚ жұмыс берушісінің ауызша түсіндірмесіне сәйкес, қазіргі уақытта кәсіпорын фабрика жұмысын тоқтатуға дайындық жүргізіп жатыр. Шамамен биылғы жылдың 22-23 ақпанынан бастап тоқтатылады деп жоспарлануда. Бұл ретте кәсіпорын қызметкерлеріне жалақысының 50%-ы төленетін болады. Жұмысы уақытша тоқтатылатын қызметкерлердің саны туралы ақпаратты кәсіпорын пысықтау үстінде. Нақты санын «Майқайың-алтын» АҚ басшылығы осы аптаның соңына дейін хабарлауы керек. Жұмыс берушінің ақпараты бойынша қызметкерлерді толық жұмыстан босату мәселесі қарастырылмаған. Фабрика биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап қайтадан іске қосылады,-дейді А.Сабыров.

Фабрика 4 қаңтарда шахта жұмысын тоқтатқанына байланысты қалдық қоймадағы шикізатты пайдаланып келген. Кеніштегі апаттың себеп-салдары толық зерделеніп біткенше шахта жабық болады. Соған сәйкес фабрика да өз жұмысын жалғастыра алмауда.

Майқайыңалтын жұмысы тоқтатылды
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар