Маңғыстау облысында жол апатынан 6 шетелдік қаза тапқан
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Jac көлігі жол жиегінде тұрған MAN жүк көлігіне соғылған. Жүк көлігі шекарадан өту үшін кезекте тұрғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Көлікте барлығы 10 адам болған. Олардың төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Науқастар қажетті емді толық көлемде алып жатыр. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына қатысқан көліктердің Өзбекстан Республикасында тіркелгені анықталған. Сондай-ақ зардап шеккендер мен қаза тапқандар Ресей Федерациясынан кеткен Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.