Қазақстан жаңалықтары2 қаңтар 2024, 10:00

Маңғыстауда ересек адам мен екі бала от шашудан зардап шекті

Маңғыстау облысында отшашудан үш адам зардап шекті. Оның біреуі — ересек адам, екеуі - бала. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен. Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған.
От шашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі - ересек адам, екеуі - кішкентай бала, делінген баспасөз мәліметінде.

 

Маңғыстау облысы отшашу Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар