Мас күйде жас баланы зорлаған адам өмір бойына бостандығынан айырылды

Кәмелет жасына толмаған баланы зорлаған ер адамға апелляциялық сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 2024 жылдың тамызында Талдықорғанда болды. 38 жастағы ер адам мас күйінде көршілерінің үйіне кіріп, 12 жастағы мектеп оқушысына зорлық-зомбылық жасаған. Күдікті бірнеше сағаттан кейін ұсталды.

Тергеу қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі «жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық» бойынша жүргізілді.

Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті. Сот отырысы жабық режимде өтті. 2025 жылдың қаңтарында сот айыпталушының әрекетін қайта анықтап, оны 15 жылға бас бостандығынан айырған. Бірақ бұл шешімге прокуратура наразылық білдірді. Олар қатаң жаза талап етті. Нәтижесінде апелляциялық сот резонанстық іс бойынша үкімді өзгертті. Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бала, зорлық, сот

Тақырыпқа жаңалықтар