Мектепте тарақаны бар тамақ елдің ашуына тиді
Мектеп оқушысының тамағынан тарақан шықты, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл жағдай Талдықорған мектептерінің бірінде болған. Әлеуметтік желіде палауға түскен тарақанның видеосы тарады. Тарақанды оқушылардың бірі палау арасынан тапқан.
Енді оқушылардың ата-анасы мектепке тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Дегенмен олар білім ордасының атын атамаған. Балаларына қауіп төнбес үшін өз аттарын айтудан да бас тартыпты.
Айта кетейік, Қызылорда облысындағы жекеменшік балабақшада бір жарым жастағы қыздың арқасын 25 жерден оңдырмай тістеп тастаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: