Мектептердегі қауіпсіздік күшейтіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге мектеп жанындағы жол инфрақұрылымындағы кемшіліктерді жоюды, сондай-ақ білім беру нысандарының өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздігін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
ІІМ «Назар аударыңыз – балалар!» шарасы аясында бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексереді. Іс-шаралар қыркүйек соңына дейін жалғасады.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы жыл соңына дейін барлық мектептегі бейнебақылау камераларын ІІМ-нің жедел басқару орталықтарына қосуды тапсырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: