Қазақстан жаңалықтары5 қаңтар 2024, 4:46

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар құзырлы органдарда кадрлық тағайындау жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы аппаратының басшысы қызметіне Серік Әбдірахманұлы Кенжебаев тағайындалды.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Берік Жамбылұлы Манасов ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Ал Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды,

Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков  Ішкі істер министрінің орынбасары болды.

Ал Әнуар Жоламанұлы Сабыров Аппарат басшысы лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық тағайындау

Тақырыпқа жаңалықтар