Қазақстан жаңалықтары10 ақпан 2024, 7:04

Мемлекеттік қызметке қабылдау конкурсы автоматтандырылады

Елге Мемлекеттік қызмет істері агенттігі не үшін керек? Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр? Мемлекеттік қызметтегі басшылар санын азайтқаннан не пайда? Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта жеке өмір сүруге құқығы бар ма? Осы және өзгеде сұрақтарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Jibek joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі керек пе?

- Бұл әлемдік заманауи тәжірибелерді мемлекеттік басқару мен мемлекеттік аппарат жүйесін қалыптастыруда қажет. Ол мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібін, регламентін, оның жүрісін реттеу үшін және жүйелі жұмыс істеуінің тәртіптерін реттеу. Сонымен қоса олар (мемлекеттік қызметшілер) мемлекеттік органдарда қызмет көрсетеді, соны бағалау үшін агенттік қажет. Мемлекеттік қызметшілердің қағидаты мен функцияналдық міндеттері бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғаймыз.

Мемлекеттік қызметшілерді өз міндетін атқармағаны немесе қате басқаны үшін жазалаған жөн бе?

- Мемлекеттік органдарда әдеп уәкілдері бар. Біз олардың ішінде ерлік танытып, еңбегіне адал болғандардың жұмысын насихаттаймыз. Мысалы, Түркістан облысы, Шардара ауданында ауыл әкімі су тасқыны кезінде басын қатерге тігіп адамдарды құтқарды. Сол сияқты Жамбыл облысы Шу ауданында қалың қар жауып, жол жабылған кезде ауыл әкімі қар құрсауында қалған 70 адамға көмектесті. Ал мемлекеттік қызметші қоғам алдында қандайда бір әдепсіз қылықтар жасайтын болса, оны біз міндетті түрде ашық жариялап, көрсетіп отырамыз. Ал оған негізсіз, дәйексіз жала жабылған жағдайда біз оны қорғаймыз. Заң мен тәртіп - баршаға ортақ. Мемлекеттік қызмет туралы заңда қызметшілердің жеке басына, жеке кеңістігіне кіруге шектеу қойылмаған. Менің ойымша, қоғам мемлекеттік қызметшілерге қатысты ортақ бір түсінікке келу керек деп ойлаймын. Осы орайда біз қазір мемлекеттік қызметшілерді қорғау мақсатында қандайда бір нормаларды енгізу жағын ойластырып жатырмыз.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президент тапсырмалары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар