Қазақстан жаңалықтары24 ақпан 2024, 10:00

Мешітте жаюлы жатқан кілемдерді ұрлап кеткен

Сарыағашта әйел мешітте жаюлы жатқан кілемдерді ұрлап кеткен, полиция қызметкерлері мешіттен кілем ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Жедел іздестіру шаралары кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдікке ілінген әйел түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келіп, ішінде төсеулі тұрған екі бірдей кілемді алып кеткен.

«Тәртіп сақшылары әйелден айғақты зат ретінде кілемдерді тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сарыағаш кілем Мешіт ұрлық

Тақырыпқа жаңалықтар