Мөлдір Мұқан отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесінің шаңырағында бірден үш қуаныш қатар келіп отыр. Бұл туралы әнші Жазира Байырбекова айтып, Мөлдір Мұқанды құттықтады.

"Мөлдірдің шаңырағында үлкен қуаныш! Бір қуаныш емес, үш қуаныш. Бірі мектеп бітіріп жатыр, бірі университет тәмамдап жатыр, ал тағы бірі сүндетке отырып, мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қандай бақытты анасың! Аллаға шүкір! Осы бақытың еселене берсін", – деді Жазира Байырбекова.

Мөлдір Мұқан да алдағы қуанышты күнге қызу дайындық жүріп жатқанын жеткізді. Айтуынша, ол қандай той болатынын әзірге құпия ұстағысы келген.

"Әр шаңырақта осындай той болсын! Өте қуаныштымыз! Қандай той болғалы жатқанын жасырып жүрген едім. Жазоктай айтып қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды тыңдауға әзірмін", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, отбасына амандық пен қуаныш тіледі.

Мөлдір Мұқан Әнші отьасы Шоу

Тақырыпқа жаңалықтар