Моңғолияда Қазақстанға қатысты құнды деректер табылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Mädenïet jäne aqparat mïnïstrligi
Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2024, 12:14

Моңғолияда Қазақстанға қатысты құнды деректер табылды

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино, фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының делегациясы Моңғолия Ұлттық мұрағатында ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Қазақстанға қатысты құнды материалдарды анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Архив – 2025» кешенді жоспары аясында шет ел архивтерінен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи құжат жинақтау мақсатында ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің делегациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласына іссапармен барды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Моңғолия Ұлттық архивінен Қазақстанға қатысты құжаттар анықталып, 90 фотоқұжат және жалпы ұзақтығы 92 минуттық киноқұжаттың көшірмесі алынған.

Киноқұжатта Баян-Өлгей аймағының он және жиырма жылдығына арналған бейнеқұжаттары, отандық делегацияның жергілікті қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысуы туралы деректер бар. Ал фотоқұжаттарда Баян-Өлгей аймағындағы қазақ халқының тұрмысы, жергілікті театр әртістерінің қойылымдары, әр жылдары Моңғолия еліне сапарлаған Қазақстан азаматтары бейнеленген.

 

құнды деректер Моңғолия Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар